Сенсация: Бублик әлемнің үздік теннисшісінің бірін жеңді

Жарияланды 29 Мамыр 2025 17:41

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Александр Бублик Roland Garros турнирінде сенсация жасады / фото: REUTERS/Lisi Niesner
Александр Бублик Roland Garros турнирінде сенсация жасады / фото: REUTERS/Lisi Niesner

Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бублик Франция ашық біріншілігінің екінші турында сенсация жасады. Ол әлемнің үздік он теннисшісі қатарына кіретін Алекс де Минаурды бес сетте жеңді.

Үлкен дулыға санатындағы төрт ірі турнирдің бір – Roland Garros корттарында бейсенбіде тағы бір сенсация тіркелді. Оның авторы – Александр Бублик. Қазақстандық спортшы әлемнің ең мықты теннисшілерінің бірі Алекс де Минаурды бес сетте – 2:6, 2:6, 6:4, 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Алғашқы екі сетте жеңілген Бублик одан кейінгі үш партияда басым түсті. Ол 12 эйс орындады, бірақ допты ойынға қосу сәтінде 13 рет қателесті. Бұған қоса, алты мәрте брейк жасады.

Енді Александр Бублик ірі турнирдің үшінші айналымында португалиялық Энрике Рошамен кездеседі. Бұл матч 31 мамырда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Қазақстанның бірінші теннисшісі Елена Рыбакина турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алған.

Әзірге Қазақстан атынан Париждегі жарысқа қатысып жатқан бес теннисшінің ешқайсысы жеңілген жоқ. Бүгін Александр Шевченко мен Юлия Путинцева кезекті матчтарын өткізеді.

Roland Garros турнирі алғаш рет 1891 жылы ұйымдастырылды. Франция ашық біріншілігінің жүлде қоры 56 млн еуродан асады. Чемпион 2,5 млн еуро алады.

Сондай-ақ оқыңыз