Ең кішкентай, өте арзан mibot жапон электрокары хит болды

Хиросима қаласындағы жапон стартапы ең кішкентай, өте арзан mibot электрокарын нарыққа шығарды. Бір ғана адамға арналған көліктің бәрі сатылып кеткен.
KG Motors компаниясының mibot өнімі Жапонияда хит болды. Bloomberg мәліметінше, компанияның 2027 жылға арналған 3300 өнімінің өзі сатылып кеткен. Бұл жағынан ол әйгілі Toyota-ның өзін басып озды. 2024 жылы автогигант Жапонияда бар болғаны 2 мың шағын көлік сатқан. Бұл елде электромобилге айтарлықтай сұраныс жоқ.
Хиросималық стартап автокөлік үлкен болған сайын күшті деген түсінікті жоққа шығаруға тырысады.
«Автомобильдер тым үлкен. Жапон көшелерінде соларды көрген уақытта неге шағын көліктер шығармасқа деген ой туды», – дейді компанияның бас директоры Казунари Кусуноки.
Майбот электрокарының биіктігі 1,5 метрге де жетпейді. Оның қуаты 100 шақырымға жетеді. Бес сағат қуаттау қажет. Ең жоғарғы жылдамдығы — сағатына 60 км. Бағасы — 1 млн йен (7 мың доллар).
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қытай компаниясы бағасы арзан Geely Panda Mini электрокарының жаңа түрін таныстырған.