Елена Рыбакина үшінші турда Roland Garros жеңімпазымен кездеседі

Жарияланды 29 Мамыр 2025 09:58

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Елена Рыбакина Roland Garros турнирінің үшінші айнылымына өтті / фото: REUTERS/Gonzalo Fuentes
Елена Рыбакина Roland Garros турнирінің үшінші айнылымына өтті / фото: REUTERS/Gonzalo Fuentes

Қазақстанның бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Франция ашық біріншілігінің (Roland Garros ) үшінші турына өтті. Ол сәрсенбі күні түнде америкалық Ива Йовичті екі сетте оңай жеңді.

Матч 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Рыбакина бес мәрте эйс орындап, төрт рет брейк жасады. Енді ол үшінші айналымда латвиялық теннисші Елена Остапенкомен кездеседі. Латвиялық теннисші 2017 жылы Roland Garros чемпионы атанған. Олар 30 мамырда ойнайды.

Ал бүгін, 29 мамырда Қазақстанның үш бірдей теннисшісі екінші турдағы матчтарын өткізеді. Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бубликке тер төгуге тура келеді. Себебі ол Австралияның бірінші теннисшісі Алекс де Минаурмен кездеседі. Алекс әлемнің үздік 10 теннисшісінің бірі. Бұл матч сағат 14.00-те 14-кортта басталады.

Ірі турнирге «Lucky Loser» мәртебесімен қосылған Александр Шевченконы екінші турда Шевченконы америкалық Итан Куинн күтіп тұр. 12-корттағы матч шамамен сағат 16.10-да басталады.

Онымен көрші 13-кортта Юлия Путинцева үшінші айналымға өтуге тырысады. Ол бүгін Джоанна Гарлендпен кездеседі.

Биыл Франция ашық біріншілігіне Қазақстаннан бес теннисші қатысып жатыр. Олардың бәрі алғашқы турдан сүрінбей өтті. Жұптық сайыста өнер көрсететін Анна Данилина екінші турдағы матчын ертең өткізеді.

Roland Garros турнирі алғаш рет 1891 жылы ұйымдастырылды. Франция ашық біріншілігінің жүлде қоры 56 млн еуродан асады. Чемпион 2,5 млн еуро алады. 

Сондай-ақ оқыңыз