Испания 1 млн еңбек мигрантын жұмысқа шақырып жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Испания миллионға жуық еңбек мигрантын қабылдайды / фото: shutterstock
Испания миллионға жуық еңбек мигрантын қабылдайды / фото: shutterstock

Испания экономиканы көтеру үшін алдағы үш жылда 1 миллионға жуық еңбек мигрантын қабылдайды. Бұған қоса маусымдық жұмысшыларға арналған виза жүйесі ұлғайды. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Агенттік мәліметінше, 1986-2002 жылдары Испания елдегі заңсыз жұмысшылар мәртебесін реттеуге тырысқан. Сол жылдары 1,2 млн адам азаматтық алған. Енді билік үш жылдың ішінде тағы 1 миллионға жуық жаңа резидент қосқысы келеді. Сонымен бірге маусымдық жұмысшылар үшін виза жүйесі кеңейтіледі.

«Зерттеулердің көбісі миграция Испанияға ғана емес, бүкіл Еуропаға оң әсер ететінін көрсетті», – дейді дат профессоры Мишель Пейс.

Оның айтуынша, кейінгі 5-10 жылда Испания құрлықта экономикасы қарқындып дамып келе жатқан елге айналды. Бұған дейін ел азаматтары шетелге ағылса, 2000 жылдардан бастап шетелдіктер осы елге көптеп келе бастады. Соның нәтижесінде 30 жылдың ішінде халық саны 14%-ға ұлғайды.

Испания банктерінің мәліметінше, көші-қон ел экономикасының дамуына көмектесіп жатыр. Заңды жұмысқа орналасқан шетел азаматтары ішкі жалпы өсімді арттырған. 2024 жылы Испания экономикасы 3,2%-ға артып, Германия, Франция және Италия секілді еуропалық елдерді басып озды.

Сондай-ақ оқыңыз