Danone Қазақстандағы зауытына 6 млн еуро инвестиция салмақшы

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Danone
Фото: shutterstock

Биыл жылдар аралығында Danone Қазақстандағы зауытын кеңейтуге 6 млн еуро инвестиция жасамақшы, соның нәтижесінде жылдық өндіріс көлемі 40 мың тоннаға дейін жеткізілмек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен франциялық әріптестерінің кездесуінде айтылды.

Азық-түлік өндіруші Danone компаниясының Алматыда ірі зауыты бар. Қазір бұл кәсіпорын жылына 18 мың тонна жоғары технологиялық сүт өнімдерін шығарады, оның 33,3%-ы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдеріне экспортталады.

Соңғы үш жылда зауытқа 1,47 млрд теңге инвестиция құйылып, өндіріс көлемі 63%-ға артты. Министрлік енді кәсіпорынның болашақ жоспарларына да қолдау көрсетпек.

– Danone компаниясының өндірістік қуатты кеңейту, жаңа желілерді іске қосу және технологиялық процестерді жаңғырту жөніндегі инвестициялық жоспарларын құптаймыз. Министрлік жобаны іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл бастама Қазақстанды Азия мен Таяу Шығыс елдеріне сүт өнімдерін жеткізетін сенімді серіктес ретінде нығайта түсетініне сенімдімін, – деді Айдарбек Сапаров.

2027 жылға қарай Danone Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдеріне экспорт көлемін екі есеге арттырып, Қытай мен Таяу Шығыс нарықтарына шығуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз