Түркістан полициясы «сабақ кезінде қайтыс болған оқушы» ісі бойынша хабар таратты

Жарияланды
Школьника на уроке задушил одноклассник в Туркестанской области
Полиция Ұлағат Сейдулланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады / Фото: Отбасының жеке мұрағатынан, бильд-редактор Ахтам Зиперов

30 мамыр күні Түркістан облыстық полициясы Қазығұрт ауданы Жұмысшы ауылындағы А.Оразбаева атындағы мектепте «сабақ уақытында 6-сынып оқушысы Ұлағат Сейдулланың тұншығып қайтыс болғаны» жөнінде хабар таратты. Департамент оқушы өлімі оның денсаулығының күрт нашарлауынан болған дейді.

Полиция мәлімдемесі

Департамент мәліметінше, оқушының қайтыс болуына байланысты Қылмыстық кодекстің «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу кезінде куәлерден, оқытушылардан жауап алынған. Жәбірленушілердің барлық дәлелдері мен алынған бейнежазбалар зерттелген. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің өлімі тыныс алу жолдарының жабылып, тілдің көмейге түсуінен туындаған асфиксия салдарынан болған», – делінген полиция хабарламасында.

Өлімнің қылмыстық сипаты анықталмады

Полиция тергеу кезінде оқушының қайтыс болуы мектепте денсаулығының күрт нашарлауынан болғаны анықталғанын жазады. Ұлағат медициналық мекемеге барар жолда қайтыс болған. Оқушының денесінен зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, тұншығу белгілері табылмаған. Оқиғаға байланысты мектеп директоры мен бес педагог жұмыстан шығарған.

«Тергеу нәтижесі бойынша өлімнің қылмыстық сипаты анықталмады және қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Тоқтату туралы бекітілген қаулыны прокурор тексеріп, қабылданған шешімнің заңдылығын қарап шықты», – дейді полиция.

Қайғылы оқиға туралы

Айта кетейік, бұған дейін Ұлағат Сейдолланың анасы Гүлмира Көшеева әділдік іздеп, мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, ұлы биыл 7 ақпан күні мектеп қабырғасында тарих пәні сабағында қайтыс болған. Ойын баласы сыныптасының телефонын тартып алып қашқанда, артынан келіп буындырғанын, нәтижесінде ауа жетпей тұншығып өлгенін айтқан.

Оқушының өлім туралы медициналық анықтамасында да оның тұншығып қайтыс болғаны жазылған еді. Ол сот-медициналық сараптамасы «баланың өлім себебі буындырғанан, тілін жұтып қойған» деген болатын. Қаралы ана бұған мектеп мұғалімдерін кінәлап, оқушыларға дұрыс қарамады деп шағымданған.

Көшеева Ұлағатты буындырып өлтірді деген сыныптасының ата-анасына айыппұл салынғанын, ал бала 12 жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауаптан босатылып, іс қысқарғанын айтқан. Тергеу орындары қозғалып, кейіннен жабылған іс құжаттарын таратуға не жариялауға тыйым салып, оған бағынбаған жаңдайда қылмыстық жауапқа тартылатынын ескерткенін жеткізген. Ол жұмыстан шығарылған мұғалімдердің қайта мектепке жұмысқа келіп жатқанына қарсы болып, ұлының өліміне кінәлілер жазасыз қалмаса екен деген еді.

Сондай-ақ оқыңыз