Балалар мерекесінде Алматыда қайда баруға болады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Балалар мерекесінде Алматыда қайда баруға болады
Балалар мерекесінде Алматыда қайда баруға болады/Фото: open-almaty.kz

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай балалар үшін шаһардың барлық ауданында концерт, шеберлік дәрісі, кино, цирк пен фестиваль сынды ауқымды бағдарламалар дайындалған.

Негізгі оқиғалар:

  • «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі, 12:00, Әлия Молдағұлова сквері
  • Bala Star Almaty отбасылық концерті, 11:00, Орталық мәдениет және демалыс саябағы

Аудандардағы іс-шаралар:

Алмалы ауданы — 12:00, Ганди саябағы

Аниматорлар, мультфильм кейіпкерлерімен ойындар, Мұрат Мұтырғановтың шоуы

Алатау ауданы — 11:00, Зерделі сквері (Зерделі ш/а., 180а)

Концерт, цирктік шоу, байқаулар

Әуезов ауданы — 18:00, Family park

Ашық аспан астында мультфильм көрсетілімі

Бостандық ауданы — 10:00, Тұңғыш Президент саябағы

Балалар жарысы, концерт, шеберлік дәрістері

Жетісу ауданы — 10:00, Құлагер ш/а.

«Jetisu Fest» фестивалі, концерт пен аниматорлар

Түрксіб ауданы — 10:00, Сейфуллин даңғылы, 13/1

№ 6 Оқушылар үйінің маңында балаларға арналған мереке

Медеу ауданы — 11:00, Орталық саябақ

Концерт

Наурызбай ауданы — 18:00, әкімдік жанындағы амфитеатр

Кинокеш және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.

Бұған дейін, Балаларды қорғау күніне орай Астанада қандай іс-шара өтетінін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз