Абай даңғылының ұзартылған бөлігінде көлік қозғалысы ашылды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Абай даңғылының ұзартылған бөлігінде көлік қозғалыс ашылды
Абай даңғылының ұзартылған бөлігінде көлік қозғалыс ашылды/AlimbekUlan/Youtube

Алматы қаласы Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі ұзарған бөлігінде көлік қозғалысы ашылды. Қала әкімдігі бұл тұрғындардың шаһар ішіндегі қозғалысын арттыру мен Алматы агломерациясын дамыту мақсатында радиалды жолдарды ұзарты жобасының аясында іске асқанын хабарлады.

Қалалық мобильділік басқармасы Строительная көшесінен қала шекарасына дейінгі соңғы 600 метрлік жолдың бойындағы жұмысты аяқтаған. Қазіргі уақытта жолдың екі жағында жаяу жүргіншілер жолы, веложолдар, қосымша жолдар және іргелес аумақты көркейту жұмыстары қолға алынған.

Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен басталатын ұзарған бөлігінің жалпы ұзындығы 5,3 шақырым. Мұнда не салынды:

  • Алты жолақты жол;
  • Қарғалы өзеніне көпір;
  • Әшімов көшесімен қиылысатын жолайырық;
  • 6 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі;
  • 4 бағдаршам нысаны.

Қалалық мобильділік басқармасы қазіргі таңда Мөңке би көшесін ұзару жұмысын аяқтап, Рысқұлов даңғылы, Саин көшесі, Солтүстік айналма жолы және Тілендиев көшесін ұзарту жұмыстарын жалғастырып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ бүгінде Райымбек даңғылында BRT жобасы жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігі оны 2025 жылдың соңына дейін аяқтауға уәде беріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз