Алматыда көпбалалы ана екі егізден кейін дүниеге үшем әкелді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматыда батыр ана екі егізден кейін дүниеге үшем әкелді
Алматыда батыр ана екі егізден кейін дүниеге үшем әкелді/Фото: Қалалық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі

Алматы қалалық перинаталдық орталығында дүниеге үшем келді! Көпбалалы ана бұған дейін екі мәрте егіз босанған. Қыз балалардың ата-анасы Эльмира Рысманова мен Нұрмахан Әлібаев. Енді олардың 10 баласы бар.

Жүктілік өте сирек кездесетін табиғи жолмен, яғни көмекші репродуктивті технологиялардың көмегінсіз болған.

Балалардың анасы 31-ші аптасында перинаталдық орталыққа түскен. Мерзімінен бұрын босану қаупіне және үштік жүктіліктің ерекшеліктеріне байланысты оған шұғыл кесарь тілігі жасалған.

Тәжірибелі дәрігерлердің күрделі де сәтті жасалған отасының нәтижесінде үш қыз дүниеге келген. Нәрестелердің салмағы 1493-1748 грамм арасында, бойы 40-43 сантиметр.

Оларға Фатима, Зухра және Аиша есімдері берілді.

«Сәбилер бірден жаңа туған нәрестелердің реанимация бөліміне орналастырылды. Оларға барлыққа жетті көмек көрсетілуде. Өмірлерінің алғашқы минуттарынан бастап қыздар дәрігерлердің қамқорлығы мен жіті бақылауында. Перинаталды орталық мамандарының кәсібилігінің арқасында нәрестелер қуаттанып, денсаулықтары күн сайын нығайып келеді», – делінген орталық баспасөз қызметінің ақпаратында.

Ерекше жүктіліктің барлық қиындықтарына қарамастан, 36 жастағы ананы ңжағдайы жақсы. Ол дәрігерлерге дән риза.

«Бұл менің үшінші егізім. Отбасымызда 2019 және 2022 жылдары дүниеге келген 2 жұптан егіздер өсіп жатыр. Ал енді, 2025 жылы, дүниеге үшем әкелдім! Аллаға шүкір, енді бізде 10 бала бар. Қалалық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологтарына, дәрігерлеріне және барлық мамандарына шын жүректен алғыс айтамын. Дәрігерлердің кәсібилігінің және қамқорлығының арқасында бәрі сәтті өтті, – дейді көпбалалы ана Эльмира Рысманова.

Қалалық перинаталдық орталықтың басшылығы медициналық ұжымның жоғары кәсібилігін алға тартып отыр. Соның арқасында үшемнің босануын сәтті өткізіп, үш баланың өмірін сақтап қалу және ұқыпты түрде емделуін қамтамасыз ету мүмкін болған.

Бұл биылғы жылы перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан алғышқы үшем.

Бұған дейін, 2025 жылы декреттік төлем қалай өзгеретінін жазғанбыз. Ал депутат Қарақат Әбден бала тәрбиесіне көбірек уақыт бөлу үшін декреттік ақылы демалысты 2 жылға дейін созуды ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз