Демалыс күндері ауа-райы қандай болады

Қазгидромет 31 мамыр-2 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болжанады. Жаңбыр мен найзағай, екпінді жел, күндізгі уақытта бұршақ күтіледі.
1 маусым күндіз елдің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 2 маусымда батысында, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.
Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.
Елдің батысында, солтүстік-батысында қатты ыстық басылуы күтілуде. Қалған аумақтара ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі, күндіз орталықта, оңтүстікте 35-40 градус ыстық болады деп болжанып отыр.
Бұған дейін, жаздың аптап ыстығына көлікті қалай дайындау керек екенін жазғанбыз.