Тоқаев: Италия компанияларына геологиялық барлау үшін қолайлы жағдай ұсынуға дайынбыз

Қазақстан Орталық Азиядағы сирек металдардың орны туралы өзекті ақпарат ұсынатын аймақтық зерттеу институтын құру бастамасын көтерді. Бұл туралы президент Қ.Тоқаев Астанада өтіп жатқан бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитінде айтты.
Президент Қазақстан италиялық компанияларға «Стратегиялық шикізатқа инвестиция мен технология» формуласымен сирек металдар мен минерелдарды геологиялық барлау жұмыстары үшін қолайлы жағдай ұсынуға дайын екенін жеткізді.
«Біздің елдерімізге елеулі пайдасы болатын бірлескен кәсіпорындар, көлік технологияларын мен италиялық технологияларды локализациялауды құруға шынайы қызығушылық бар. Бұл бағытта жемісті жұмыстар үлгісі де жоқ емес. Мәселен, қазақстандық зауыттардың бірінде италиялық ауыл шаруашылығы технологиясын өндіру жолға қойылған», – деді президент.
Тоқаев Қазақстан ауқымды экономикалық реформалар мен заңнаманы жетілдіру арқылы ары қарай да елдің инвестициялық климатын жетілдіре түсетінін атап өтті.
Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонидің қатысуымен алғашқы саммит өтіп жатыр.