Енді жеке куәлікті үйден шықпай ауыстыруға болады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Енді жеке куәлікті үйден шықпай ауыстыруға болады
Енді жеке куәлікті үйден шықпай ауыстыруға болады/Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Сервис eGov.kz порталы және Мgov мобильді қосымшасында қолжетімді.

Қызметті кім қолдана алады

Қызметті куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталуына 30 күн қалған кезде пайдалануға болады.

Ол үшін не істеу керек

Онлайн-форматтағы қызмет төмендегідей сатылардан тұрады:

  • жеке куәлік ауыстыруға өтінім беру;
  • фотосурет жүктеп, қолтаңба қою;
  • жеке деректерді растау;
  • мемлекеттік бажды төлеу.

Бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейтінтін қызмет ХҚКО-да кезекті азайтады деп күтіліп отыр.

Бұған дейін, Egov порталында әскери жоғары оқу орындарына түсу үшін онлайн түрде құжат тапсыруға болатын мүмкіндік пайда болған.

Сондай-ақ оқыңыз