Қазақстан Италияға мұнай экспортын арттыруға ниетті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Италия
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен «Орталық Азия – Италия» саммитінде Қазақстан Италияға мұнай жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын деп мәлімдеді.

Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ынтымақтастықты басты назарға алды. Оның айтуынша, 2024 жылы Қазақстан Италияға 30 млн тонна мұнай экспорттаған. біл жылдағы өсім 27 пайызды құраған Бұл — Қазақстан экспортының едәуір бөлігі.

«Қажет болған жағдайда, біз бұл көлемді арттыруға дайынбыз», — деді Тоқаев өз сөзінде.

Қазіргі кезде Қазастан ЕуроОдақ елдеріне мұнай жеткізуші мемлекеттердің үшттігіне енеді.

Сонымен қатар, Қазақстан 1 млрд долларға жүзден аса тауарды Италияға экспорттай алады.

Италия – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі

Италия бүгінде Қазақстан үшін ең ірі экономикалық серіктестердің бірі болып отыр. Екі ел арасындағы тауар айналымы 24 пайызға артып, өткен жылы 20 миллиард долларға жетті.

Кейінгі жиырма жылда Италия Қазақстан экономикасына 7,6 миллиард долларға дейін инвестиция құйған.

Сондай-ақ оқыңыз