Қазақстанда бренд киімдер сататын халықаралық аутлет орталығы ашылады

Қазақстанда алғашқы халықаралық аутлет-орталық салынады. Жоба Алматы облысында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Аутлет-орталық — бұл бренд өнімдерін жеңілдікпен сататын ірі сауда кешені. Мұндай формат батыс елдерінде кең таралған.
Жобаны QSM тобы мен Австрияның Ekazent Management GmbH компаниясы бірлесіп жүзеге асырады. Ekazent — Еуропадағы коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы тәжірибелі компания. Олар Австриядағы Parndorf Fashion Outlet пен Чехия-Австрия шекарасындағы Freeport Fashion Outlet секілді ірі орталықтарды басқарған.
Аутлет орталықта не болады?
Аутлет-орталықтың аумағы 80 000–120 000 шаршы метрды қамтиды. ОНда бренд дүкендер, қонақ үй, мейрамхана, балалар мен ойын аймағығ демалыс және қызмет көрсету нысандары орналасады.
Ekazent компаниясы аутлеттің орналасатын жерін таңдап, архитектуралық тұжырымдама мен басқару стратегиясын әзірлейді. Сондай-ақ, олар халықаралық брендтер мен жалға алушыларды тартуға жауапты болады.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жобаның маңызын былай түсіндірді:
«Қазіргі таңда Орталық Азияда Батыс үлгісіндегі аутлет-орталықтар жоқ. Бұл — Қазақстан үшін айрықша бәсекелік артықшылық. Сонымен қатар, Алматы облысының Өзбекстан мен Қырғызстанға жақындығы және Қытай, Түркия, ОАЭ мен Ресейден өтетін логистикалық жолдардың тоғысында орналасуы – бұл жобаның табысты болуына мүмкіндік береді».
Outlet неге танымал
Халықаралық нарықта аутлет-ретейлдің көлемі $100 млрд-тан асады, жыл сайын 5–7%-ға өсіп келеді.
Жобаны Қазақстанда QSM тобы жүзеге асырады. Оның құрамында: TEEZ маркетплейсі (Казахстандағы CFBO үлгісіндегі алғашқы платформа), Clever онлайн-гипермаркеті, Clever Distribution дистрибьюторы бар.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Қарақат Әбден бренд өнімдердің көшірмесімен күресуді ұсынған.