Қазақстанның «қауіпсіздік жастығы»: таза халықаралық резерв 50 млрд доллардан асты

Қазақстанның халықаралық резерві – яғни елдің «қауіпсіздік жастығы» – алғаш рет 50 млрд доллардан асты. Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында жазылған.
Сәуірде Қазақстанның таза халықаралық резері 50,3 млрд долларға жетті. Бұл – Ұлттық банктің шетелде сақтап отырған алтын және валюта түріндегі қорлары, бірақ оның өз міндеттемелері (яғни, басқа ұйымдарға төлеуі тиіс қаражаты) есептелмеген таза сома.
Ол бір айдың ішінде 2,3 млрд долларға, ал жыл басынан бері $6,75 млрд-қа өсті. Яғни, елдің резервтік қоры едәуір күшейген.
Ал жалпы халықаралық резервтер көлемі сәуірде 52,4 млрд долларды құрады. Оның ішінде:
- Алтын қоры $30,8 млрд-ты құрады. Бұл бір айда 5,6%-ға, ал жыл басынан бері 29%-ға өскен.
- Еркін айырбасталатын валютадағы активтер, яғни шетелдік валютамен сақталған қаражаттар – $21,6 млрд болды. Айына 3,3%-ға артқанымен, жыл басынан бері 1,6%-ға азайған.
2024 жыл мен 2025 жылдағы көрсеткіш төмендегідей қалыптасқан (млрд доллар):
Кезең | Таза резерв | Алтын | Валюта | Ұлттық қор |
---|---|---|---|---|
03.2024 | 35,9 | 22,0 | 15,8 | 60,8 |
04.2024 | 37,9 | 23,6 | 16,3 | 59,1 |
03.2025 | 48,0 | 29,1 | 20,9 | 57,9 |
04.2025 | 50,3 | 30,8 | 21,6 | 57,8 |
Ұлттық қор активі қанша?
Ұлттық қор – үкіметтің қолындағы басты қор. Ондағы шетел валютасындағы активтер сәуірде сәл азайып, $57,8 млрр құрады. Жыл басынан бері бұл сома 1,74%-ға кеміген.
Таза халықаралық резервтер – бұл елдің қиын кезде жұмсай алатын нақты резерві. О көбейсе, теңге бағамы мен экономика тұрақты болады деген сөз. Соның ішінде алтын қоры айтарлықтай көбейіп, $30 млрд-тан асып отыр.