Сауда салығы: АҚШ апелляциялық соты Трамп шешімін қолдады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Трамп тарифдерін күшінде қала ма / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ-тың апелляциялық соты Дональд Трамп әкімшілігі енгізген тарифтерге тыйым салу туралы шешімнің күшін уақытша тоқтатты. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі хабарлады.

Мәселе — Трамп қабылданған кедендік баж салықтарына қатысты. Бұған дейін Федералдық сот бұл тарифтерді заңсыз деп танып, оларды тоқтату жөнінде шешім шығарған болатын. Алайда Трамп әкімшілігі бұл шешімге қарсы апелляция беріп, соттан тыйымның күшін жоюды сұрады. Апелляциялық сот бұл өтінішті қанағаттандырды.

Дау неден басталды?

Трамп әкімшілігі шетелден келетін тауарларға тариф енгізуді «ұлттық төтенше жағдай туралы заңға» сүйеніп негіздеген. Бірақ халықаралық сауда жөніндегі сот бұл заң президентке мұндай кең өкілеттік бермейді деп есептейді.

Сот шешімінде сауда саласын Конгресс реттеуі тиіс, резиденттің экономикалық қауіпке сілтеме жасап, бүкіл әлемге дердік тариф енгізуі — заңға қайшы екені айтылған.

Трамп қандай салық енгізді?

CNN мәліметінше, бұл сот шешімі:

  • Қытайдан келетін тауарларға – 30%
  • Мексика мен Канада тауарларына – 25%
  • Басқа елдерден келетін кейбір өнімдерге – 10% салық енгізуге қатысты болған

Алайда бұл шешім болат, алюминий, автокөлік және қосалқы бөлшектерге қатысты тарифтерге қатысы жоқ, өйткені олар басқа заң негізінде енгізілген.

Іс енді Жоғарғы сотқа баруы мүмкін

Қазір Трамп әкімшілігі өз дәлелдерін дайындап жатыр. Апелляциялық сот маусым айының басына дейін тараптардан жазбаша уәждерін сұрады. Егер бұл сотта түпкілікті шешім қабылданбаса, іс АҚШ Жоғарғы сотына өтуі мүмкін.

Reuters-тің мәліметінше, Дональд Трамптың сауда тарифтері компанияларға 34 миллиард доллардан астам шығын келтірген. Бұл сома — жоғалған пайда мен өндіріс шығындарының өсуі есебінен есептелген.

Алайда Ақ үй бұл саясатты қорғап, тарифтердің арқасында АҚШ экономикасына кемінде 50 миллиард доллар пайда келгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз