Ресей уәде бергенімен ақша жоқ: үш қаладағы ЖЭО құрылысы тоқтап қала ма?

Қазақстанның үш қаласы: Көкшетау, Өскемен және Семейде салынатын жаңа жылу электр орталықтарының (ЖЭО) құрылысын Ресей қаржыландыруға уәде берген еді. Алайда бұл жоспар қазір тығырыққа тіреліп тұр.
Orda сайтының хабарлауынша вице-премьер Роман Скляр Ақорда кулуарында Ресей тарапының пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қатысты қиындықтары бар екенін растаған.
«Егер Ресей ақша бере алмаса, басқа инвестор табамыз. Бірақ қазіргі уақытта нақты инвестор жоқ. Бұл мәселе маусым айының соңына дейін шешілуі керек», – деді Скляр.
Ресей уәде бергенімен үнсіз отыр
Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл жобаларүшін Ресей арзан несие беруі мүмкін екенін мәлімдеген Ол үшін арнайы үкіметаралық келісім жобасы да дайындалған: яғни ресейлік құрал-жабдыққа салық жеңілдігі жасалады, ал Ресей несие береді.
Сарапшы не дейді?
Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов бұл жағдайды сынға алды:
«Ресей үш жаңа көмір станциясын қаржыландыруы керек еді, міне екінші жыл – тыныштық. Олардың жеңілдетілген несиесі үшін арнайы үкіметаралық келісім жобасы дайындалғанынмен, енді келіп қаржы жағы қиын болып шықты», – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Үш қаладағы ЖЭО жайы
Қазақстан мен Ресей көмір жылу электр орталығын салу туралы үкіметаралық келісімге 2024 жылы сәуірде қол қойған.
Үш қаладағы жылу электор орталығын ресейлік «Интер РАО» холдингінің құрамына кіретін «Интер РАО – Экспорт» компаниясы салуы тиіс.
Жобаның бірінші кезеңі «Самұрық-Энергоның» өз қаржысына жүзеге асса, 2 және 3-кезең үшін Ресейден қарыз алынуі тиіс еді. Бұл қарыздың уақтылы қайтарылатынына «Самұрық-Қазына» мен ел үкіметі кепіл болмақ.
Сол кезде Роман Скляр Көкшетауда құрылыс жұмыстары басталатынын хабарлаған болатын. Станцияның электр қуаты 240 МВт, жылу қуаты 520 Гкал/сағ болуы керек. Құрылыстың жалпы құны 239,4 млрд теңгені құрайды.
Үш қаладағы жылу электр стансалары 2028 жылы іске қосылады деп жоспарланған.