Apple IOS операциялық жүйеcін өзгертпек

Жарияланды 30 Мамыр 2025 15:30

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Apple
Apple IOS операциялық жүйеcін өзгертпек / Фото: Shutterstock

Apple компаниясы өз операциялық жүйелерінің атауын жаңартуды жоспарлап отыр. Енді iOS 18, macOS 15 сияқты нұсқа нөмірлерінің орнына жүйелерді шыққан жылмен аталады.

Компания бұл өзгерісті брендингті біріздендіру және әртүрлі жүйелердегі нұсқа нөмірлерінің сәйкессіздігін жою үшін жасап отыр. Қазір iOS 18, watchOS 12, macOS 15 және visionOS 2 жүйелері қолданыста. Бұл айырмашылық олардың түрлі жылдары жарыққа шыққанымен түсіндіріледі.

Жаңа атау жүйесі 2025 жылдың 9 маусымында басталатын дәстүрлі WWDC конференциясында таныстырылуы мүмкін. Сондай-ақ, Apple барлық платформаларға арналған интерфейстердің жаңа нұсқасын да көрсетпек. Жобаның ішкі атауы – Solarium.

Мұндай тәсіл бұған дейін Samsung пен Microsoft компанияларында да болған. Мәселен, Samsung 2020 жылы Galaxy S10-нан бірден Galaxy S20-ға көшіп, атауды шығарылған жылмен сәйкестендірді. Microsoft та 90-жылдары Windows 95, Windows 98, Windows 2000 деп атау әдісін қолданған еді.

Apple-дің өзгешелігі келер жылдың атауын қолданады. Яғни 2025 жылдың күзінде шығатын операциялық жүйелер IOS 26 деп аталалады. Бұндай тәжірибені компания бұрын iWork және iLife бағдарламалар пакеттерінде қолданған.

iPad Mac-қа ұқсас болады

Apple iPad құрылғысының функционалдығын кеңейтіп, оны Mac құрылғыларына жақындатуды көздейді. Бұл әсіресе кеңсе жағдайында құрылғыны тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.

Жаңа операциялық жүйелермен бірге Apple Intelligence платформасы да таныстырылады. Бұл жасанды интеллект негізіндегі жүйе енді үшінші тарап әзірлеушілеріне де қолжетімді болады.


Сондай-ақ оқыңыз