Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті
Жарияланды

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
«Бүгін 29 мамыр күні президент Кремльде Мәскеуде жүрген Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті», – деді Песков ТАСС агенттігіне берген түсініктемесінде.
Кездесу бейресми сипатта өткен. Алайда, тараптар қандай мәселелерді талқылағаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Айта кетейік, бұл екі саясаткердің жеке кездесуі соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында өтті. Назарбаев ол кезде де Мәскеуге барып, Путинмен жеке әңгімелескен болатын.