Жастарға ересек өмірге дайындайтын курстар қажет пе

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
жастар курс
Жастар арасында ересек өмірге дайындайтын курстар қажет пе / фото: shutterstock

АҚШ пен Канадада жастар арасында «Adulting 101» ересек өмірге дайындайтын курстарға қызығушылық артып келеді. Бұл бағдарламаларда жастарға киім жуу, тамақ пісіру, азық-түлік таңдау, коммуналдық төлемдерді төлеу, жеке қаржыны басқару сияқты күнделікті өмірге қажетті қарапайым дағдылар үйретіледі.

Курстарға әсіресе Z ұрпағы – 1997–2012 жылдар аралығында туған жастар жаппай жазылып жатыр. Көпшілігі өз бетінше өмір сүру қиын екенін айтып, тіпті күйзеліске түсетіндерін жасырмайды. «TikTok пен мектеп кестесінен тыс өмірді ешкім түсіндірмеді», – дейді курс қатысушыларының бірі.

Мамандардың айтуынша, бұған негізгі себеп – гиперқамқорлық жағдайында өскен ұрпақ. Балалық және жасөспірім шақтарында олардың көптеген мәселелерін ата-аналары шешіп беріп отырған. Соның салдарынан жастар ересек өмірге дайындықсыз келген. Сонымен қатар, бұрын мектептерде болған «үй шаруашылығы» сабақтарының (домоводство) алып тасталуы да өз әсерін тигізген – бұл сабақтарда балалар тамақ пісіру, тігін тігу, тазалық сақтау сияқты дағдыларды үйренетін.

Психологтар мұны «цифрлық жайлылық» пен шектен тыс ата-ана қамқорлығының нәтижесі деп бағалап отыр. Бұл ұрпақ гаджеттермен өскендіктен, көптеген қарапайым дағдыдан мақұрым қалған.

Бүгінде жастар үшін «ересек өмірді» меңгеру – өз алдына бөлек білім саласына айналды. Ал «Adulting 101» курстары – өмір сүруді жаңадан үйреніп жүрген буынға арналған жаңа бағдар.

Еске сала кетейік, бұған дейін жазда оқушылар мен студенттерге жұмыс істеуге болатын жерлерді жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз