Интернет пен ұялы байланысқа салық салынып, тариф қымбаттай ма

Елде интернет пен ұялы байланыс қымбаттауы мүмкін. Үкімет тедекоммуникайия және байланыс саласына қатысты жаңа Заң жобасын әзрілеп жатыр. Құжат «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылған.
Құжатқа сәйкес, елде телекоммуникация қызметтерінің сапасын арттыру және телекоммуникация желілеріндегі азаматтардың құқықтарын қорғау Қоры құрылады.
Телекоммуникация қызметтерiнiң сапасын арттыру және азаматтардың телекоммуникация желiлерiндегi құқықтарын қорғау қоры өз қызметiн Үкiмет бекiткен тәртiпке сәйкес жүзеге асырады.
«Телекоммуникация қызметтерінің сапасын арттыру және азаматтардың Телекоммуникация желілеріндегі құқықтарын қорғау қоры байланыс операторлары мен ұялы байланыс операторларының төлемдері мен жарналары есебінен телекоммуникация қызметтерінің сапасын арттыру және азаматтардың телекоммуникация желілеріндегі құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді», – делінген құжатта.
Қордың қандай пайдасы бар?
Заңгер Ержан Есімханов мұндай қорлардың пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін деп алаңдайды.
«Елімізде бизнестен ақша алып, оны жұмсау мақсатында құрылған кез келген қордың соңы немен аяқталатыны айдан анық. Жаңа қор құрудың не қажеттілігі болды деген сұрақ туындайды», – деп жазады заңгер.
Үкіметі айқындаған Телекоммуникация қызметтерінің сапасын арттыру және телекоммуникация желілеріндегі азаматтардың құқықтарын қорғау қорына қалааралық және халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты көрсеткені үшін төлемақы төленеді.
Операторлар қорға қажетті қаражатты халық есебінен төлейді
«Қор жылына байланыс операторларының табысының 3 пайызын жинайды деп болжануда. Бұл туралы жобаның түсіндірме хатында жазылған. Қазақстанда бірнеше ұялы байланыс операторлары бар – Kcell, Tele2, Beeline, Altel және т.б. Мен осы үш пайыз нақты ақшаның қанша болатыны туралы түсіну үшін әртүрлі байланыс операторларында істейтін әріптестермен сөйлестім. Есептер әртүрлі, бірақ орташа есеппен бір оператордан жылына 10 млрд ақша жиналады. Бұл жалпы алғанда 50-60 млрд теңгені құрап, 100-120 млн долларға жетді. Бұл үлкен ақша», – дейді заңгер.
Ал бұл ақшаны, әрине, оператордар өз қалтасынан төлемейді. Бұл шығын қазақстандардың қаражаты есебінен өтелуі мүмкін.
«Әрбір оператор қосымша 10 млрд төлейтін болса, бұл шығындар тұтынушыларға, яғни біздің мойнымызға жүктеледі. Яғни, елде ұялы байланыс қымбаттайды. Бұл жолы біз үйреніп қалған операторларды кінәлай алмаймыз. Өйткені бұл таза мемлекеттің бастамасы», – дейді Ержан Есімханов.