Қазақстан-Қырғызстан шекарасында кептеліс: қырғыз жүргізушілері сағаттап кезек күтуде

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстан-Қытай шекарасы
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктерінің кептілісі пайда болды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүкі көліктерінің үлкен кептелісі пайда болған. Бұл туралы Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

24.kg басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Кант ауданындағы айналма жолда Қазақстан шекарасына қарай бет алған жүк көліктерінің кептелісі пайда болған. Куәгерлер кептелістің бірнеше шақырымға созылып жатқанын айтқан.

Кептеліс себебі

Бұл кептеліске жүк тасымалының маусымдық ұлғаюы себеп болған. кезектер тұрған жүргізушілер кезек уақыты бірнеше сағатқа созылатынын, көліктердің өте баяу қозғалып жатқанын айтқан.

«Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ», – деп жазады басылым.

Жүргізушілер мен логистикалық компаниялардың өкілі жауапты органдардан мәселені тез шешуді сұраған.

Қазақ-қырғыз шекарасында болған жағдай

Қазақ-қырғыз шекарасында 2023 жылдың тамызында қатты кептеліс болды. Жүргізушілер бірнеше күн қатарынан шекарадан аса алмай қиналды. Қырғыз тарапы Қазақстан тарапын кінәлап, «Қырғызстан су бермей қойғаны үшін Қазақстан тарапы әдейі көліктерді өткізбей жатыр» деп айтыптады. Ал Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарада тексеріс жүргізгенін, ауқымды шаралар нәтижесінде 2 млрд теңгеге жуық 299 контрабанда фактісі анықталғанын хабарлады.

Кейін бұл мәселеге Еуразиялық экономикалық комиссиясы араласты. Сонымен бірге бұл проблема Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін жетті. Тоқаев мәселені шешуді тапсырып, ақыры шекарадағы жағдай реттелген еді.

Айта кетсек, мұндай кептеліс әдетте Ресей мен Қазақстан шекарасында жиі болып тұрады. Қыста ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолды жауып, «Сырым» өткізу пунктінде кептеліс пайда болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз