Таныстарын 63 млн теңгеге алдап кеткен азамат Ресейден экстрадицияланды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ресейден экстрадицияланды
Алаяқтық жасап, таныстарын 63 млн теңгеге алдаған азамат Ресейден экстрадицияланды / Фото: kursiv.media архив

Таныс адамдарын 63 млн теңгеге алдап, елден қашып кеткен азамат Ресейден табылып, Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Инвестициялық табыс уәде еткен

Прокуратура мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары Ақтау қаласында кәсіпкерлікке инвестиция салатынын айтып, таныстарынан ірі көлемде ақша алған. Ақша берген азаматтарға инвестициялық жобадан жоғары пайда түсетінін айтып, сендірген.

Қаражатты алған соң, ол уәдесінде тұрмай, ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

«Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 6 қазақстандық азаматқа жалпы сомасы 63 млн теңгеден астам залал келген», – деп хабарлайды прокуратура.

Халықаралық іздеу

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізін суытып үлгерген. Құзырлы орган таныстарын қомақты сомаға алдаған азаматқа халықаралық іздеу жарияланған.

Ал 2024 жылдың қарашасында күдіктінің Екатеринбург қаласында жүргені анықталып, сол жерде ұсталған. Артынша Бас прокуратура Ресейге сұрау салып, елге экстрадициялаған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында. Мұндай санаттағы қылмыс үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдіктілер қандай елден экстрадицияланды?

Прокуратура мәліметінше, Қазақстанға алаяқтық жасаған 5 азамат Ресейден, Германия, Польша, Сербия, Сауд Арабиясы, Қырғызстан және Беларусьтен күдіктілер қайтарылған. Жалпы алғанда 11 адам алаяқтық үшін экстрадицияланған.

Еске сала кетсек, сәуірде прокуратура халықтың 230 млн теңгесін ұрдаған күдіктінің Қырғызстанна экстрадицияланғанын хабарлаған. Күдікті әйел ақшаны азаматтардың банктік шотынан ұрлап отырған.

Ал мұның алдында қазақстандық жұмсақ бидайының үлкен партиясын жеткізіп беруге уәде етіп, кәсіпкердің 100 млн теңгесін иемденген күдікті Германиядан қайтарылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз