1 маусымда Алматы метросы балалар үшін тегін болады

Алматы метрополитенінде қазақстандықтар үшін тосынсый жасамақ. 1 маусымда Алматы метросы балалар үшін тегін болады.
СMN ақпаратына қарағанда, бұл шара балаларды қорғау күніне орай қолға алынбақ. Мегаполис метросына 14 жасқа толмаған балалар тегін оатыра алады.
Бұл бастама балалы отбасыларды қолдауға бағытталып отыр. Алматы метросы балалар үшін күні бойы ашық болады. Метрополитен ашылған сәттен бастап станциялар жабылғанға дейін бүлдіршіндер жолақысын төлеместен еркін жүре алады.
Бұған дейін Алматы метрополитені турникеттерді жаңғыртатыны туралы хабарлады. 2025 жылдың күзіне қарай, метроға кірген кезде банктік картаны немесе Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay қосымшалары бар смартфонды турникетке тигізіп-ақ төлем жасауға болады.
Айта кететін жайт, 23 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек даңғылындағы BRT жобасы бойынша реконструкциялау жұмыстары басталған еді.