Израиль батыс жағалауда еврей мемлекеті құрылатынын айтты

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац батыс жағалауда Израиль мемлекеті пайда болатынын айтты. Ол «еврей мемлекетін құрмақ».
Le monde ақпаратына қарағанда, ол «батыс жағалауда еврей Израиль мемлекетін құралатынын» айтқан.
«Бұл – Эммануэль Макрон мен оның серіктестеріне нақты белгі. Олар Палестина мемлекетін қағаз жүзінде мойындайды. Ал біз мұнда, жерде, еврей Израиль мемлекетін құрамыз», — деп мәлімдеді жұма күні Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац.
Сонымен қатар ол Франция президенті Макронды «еврей мемлекетіне қарсы крест жорығына шықты» деп айыптады.
Ал дәл сол күні Франция президенті Эммануэль Макрон Сингапурда өткен «Шангри-Ла диалогы» атты қорғаныс конференциясында сөз сөйледі.
«Егер біз Газа секторынан бас тартсақ және Израильге қалағанын жасауға мүмкіндік берсек, онда бүкіл әлем алдында беделімізден айырыламыз», — деді ол.
Ол қос стандартты жоққа шығаратынын мәлімдеді. Макрон бұл ұстанымның Украинадағы соғысқа да қатысты екенін атап өтті.
Мұның алдында Макрон әйелінің неге бетінен «шапалақпен ұрғанын» түсіндірген еді.