
Британдық әнші Робби Уильямс Қазақстанға келе жатыр. Ол елімізде алғаш рет Park Live Almaty 2025 фестивалінің өнер көрсетпек.
Ол 2025 жылғы 4–6 қыркүйек аралығында Алматыдағы Бірінші май тоғандарында өтетін аталған фестивалдің алғашқы күнінің хедлайнері атанды.
Take That тобы
Британдық – әйгілі Take That тобының ең жарқын мүшесі. 1995 жылдан бері жеке шығармашылықпен айналысып жүр. Әнші Робби Уильямс екінші рет өтетін Park Live Almaty фестивалінің хедлайнері болады. Фестиваль қатарынан екінші жыл Бірінші май тоғандарында өтпек.
Робби Уильямс – британ поп-музыкасының аңызға айналған әншісі. Соңғы жылдардағы ең танымал орындаушылардың бірі. Take That тобындағы мансабынан кейін ол жеке орындаушы ретінде үлкен жетістіктерге жетті.
Қандай әндері бар?
Оның Angels, Feel және Rock DJ композициялары 2000-жылдардағы буынның әнұранына айналып үлгерді.
Оның әндері XXI ғасыр басындағы музыкалық мұраның бір бөлігі болды. Әншінің Intensive Care атты концерттік турына бір күн ішінде 1,6 миллион билет сатылып, Гиннес рекордтар кітабына еніп отыр.
2025 жылғы мамырда Робби Уильямс он жылдық үзілістен кейін сахнаға қайта оралды. Осы күзде жарық көретін жаңа BRITPOP альбомын жариялап, тыңдармандарын қуантты.
Алматы тур картасына енді
Альбомның алғашқы Rocket атты синглын музыкалық платформаларда тыңдауға болады.
Бұл трек аңызға айналған Black Sabbath тобының гитарисі Тони Айоммимен бірге жазылған. 31 мамыр күні әнші альбомды қолдау мақсатындағы турға аттанған болатын. Тур картасына Алматы да енді.
Фестиваль билеттерін Freedom Ticketon платформасынан сатып алуға болады.
Мұның алдында Алматыда Freedom Ticketon Awards-2025 жүлдесінің жеңімпаздары анықталған болатын.