Психикалық ауруы бар ер адам жанармай арасымен шабуыл жасады (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Полиция оның психикалық ауруы бар екенін анықтады / фото: видеожазба скрині
Полиция оның психикалық ауруы бар екенін анықтады / фото: видеожазба скрині

Психикалық ауруы бар ер адам тұрғындарға жанармай арасымен шабуыл жасады. Оқиға Батыс Қазақстан облысында болды.

Ақсай қаласындағы бір жанармай бекетінде қолында жанармай арасы бар, бетін тұмшалап алған адам айқай салып, көшеде тұрған тұрғындарға шабуылдаған. Әлеуметтік желіде бұл сұмдық жайттың бейнежазбасы да тарады. Онда оның бір көлікті бүлдіргені де көрінеді.

«Бөрі ауданының полиция бөліміне жанармай арасысы бар белгісіз біреудің Нефтэк жанармай бекеті маңында жүргені туралы хабар түсті. Ол өзін агрессивті түрде ұстаған. Көліктерге де, адамдарға да тиіскен», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері шара қабылдап, 1989 туған М. атты адамды ұстады. Ол бұрынан психиатрлық есепте тұрған. Ол қазір уақытша бейімдеу және айықтыру орталығына жіберген.

Мұның алдында Атырау облысындағы Сағыз ауылында белгісіз адам автокөлікке оқ жаудырды.

Сондай-ақ оқыңыз