Шымкенттегі төбелес туристердің зәресін алды
Жарияланды

Шымкенттегі төбелес Түркиядан келген туристердің төбе шашын тік тұрғызды. Олар оқиғаны бейнежазбаға түсіріп алған.
Бейнежазбада жолға таласқан екі жүргізушінің көшенің қақ ортасын ММА октагонына айналдырып, қырылып төбелесіп жатқаны көрінеді.
Бұл туристердің Шымкент қаласына саяхаттап келген алғашқы күні екен.
Олар тікелей эфирден жекпе-жек көргендей болғанын айтып отыр.
Полицияның ақпаратына қарағанда, Шымкенттегі төбелес оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
Төбелескен жүргізушілердің ешқайсысы арызданбаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Мұның алдында Батыс Қазақстан облысында жанармай арасымен тұрғындарға шабуыл жасалғаны туралы жазған едік.