Тоқаев Хорватия Президентін құттықтады
Жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабаралды.
Президент Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өткен.
Сондай-ақ, достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың әрмен қарай дами түсетініне сенім білдіріп отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.
Мұның алдында Тоқаев Астанада өтіп жатқан бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитінде Орталық Азиядағы сирек металдардың орны туралы өзекті ақпарат ұсынатын аймақтық зерттеу институтын құру айтты.