Алматыда Haval M6 бюджетті кроссовері шығарылады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Haval M6 кроссовері Қазақстанда ресми түрде сертификатталып, ел аумағында құрастырылатын болды. Бұл модель «Астана Моторс» компаниясының мультибрендті зауытындағы сегізінші автокөлік болмақ деп хабарлайды «Китайские автомобили» басылымы.

Техникалық сипаттамаға сенсек, қазақстандық Haval M6 моделі Қытайдағы нұсқасымен бірдей конфигурацияда шығарылады. Жақын арада зауытта құрастыру басталады.

Жаңа Haval M6 сипаттамасы:

  • Ұзындығы: 4664 мм
  • Ені: 1830 мм
  • Биіктігі: 1729 мм
  • Қозғалтқыш: 1,5 литрлік турбо (143 а.к.)
  • Қорап: 6 сатылы механика немесе 7 сатылы робот
  • Жанармай түрі: АИ-92⠀

Көліктің бастапқы нұсқасы 9,2 млн теңге деп бағаланған, ал толық жабдықталған нұсқасы 10,7 млн теңгеден саудаланады. Автокөлікте орындықтарды жылыту, артқы көрініс камерасы, круиз-бақылау, кілтсіз кіру жүйесі, Аirbag және мультируль де қарастырылған.

Осыған дейін Қытай электромобильдерін шығарушы BYD компаниясы да  Astana Motors компаниясымен келісімге отырған еді. Көршілер автоалпауыт елімізде  электромобиль ғана емес, электробус құрастыруды да көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз