Астанада Си Цзиньпиннің қазақ тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті

Астанадағы Назарбаев Университетінде Қытай Халық Республикасының төрағасы ҚХнің «Ел басқару жөнінде» атты төрт томдық кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарлайды.
Кітап Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік басқару философиясы мен тәжірибесіне арналған. Онда ҚХР басшысының ішкі және сыртқы саясат, экономикалық және әлеуметтік даму стратегиялары жөніндегі көзқарастары жазылған. Аталған еңбек саясаттанушылар, халықаралық қатынастар саласының мамандарын, сондай-ақ қытай тілі, мәдениеті мен қоғамдық құрылымын зерттейтін ғалымдарға арналған.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ху Хэпин қатысты.
«Бұл кітап – Қытай мемлекетінің саяси бағыт-бағдарын, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұстанымдарын, сондай-ақ ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарын түсінуге ұмтылатын қазақстандық оқырман үшін құнды дереккөз болмақ. Сонымен қатар, туынды – Қытайдың халықаралық аренадағы ұстанымдары мен рөлін саралауға мүмкіндік беретін маңызды еңбек», – деді Аида Балаева.
Осыған дейін Швейцариялық жанкүйер Димаш пен Қазақстан жайлы кітап шығарғанын жазған едік. Швейцариялық зейнеткердің кітабы «Димаш және Қазақстан: менің өмірімді қалай өзгертті» деп аталады.