
Қытайлық DeepSeek стартапы R1 атты жасанды интеллект моделінің жаңа нұсқасын таныстырды. Ол Hugging Face платформасында жарияланды.
⠀
LiveCodeBench платформасының бағалауынша, DeepSeek R1 моделі бірқатар көрсеткіштер бойынша OpenAI-дың о4-mini және o3 модельдерінен сәл ғана төмен. Жаңартылған DeepSeek R1 моделі, алдыңғы нұсқасы сияқты, ойлану қабілеті бар жасанды интеллект үлгісі деп есепеледі. Ол күрделі тапсырмаларды кезең-кезеңімен логикалық ойлау процесі арқылы орындай алады.
⠀
Бұл модельдің алғашқы нұсқасы 2024 жылдың қаңтарында ұсынылған еді. Сол кезде халықаралық акция нарықтарына айтарлықтай әсер етіп, бір ғана сессия ішінде америкалық Nvidia компаниясының капитализациясын 600 млрд долларға дейін түсірді. Себебі R1 моделі OpenAI өнімдеріне ұқсас сапада жұмыс істегенімен, оқытуға кететін шығын әлдеқайда аз болған.
⠀
Содан бері DeepSeek технологиялары Қытайда кеңінен қолданыла бастады. Денсаулық сақтау саласынан бастап мемлекеттік басқару органдарына дейін енгізіліп жатыр.
Бірақ бұл стартап қолданушыларының жеке деректерін таратады деген қауіп бар. Осыған байланысты биыл қыста Оңтүстік Корея DeepSeek чат-ботын жүктеуге тыйым салған еді. Ал Италияда App Store және Google Play онлайн дүкендеріндегі қытайлық чат-бот бұғатталды.