Италия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 20 млрд долларға жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
фото: Ақорда сайтынан

Италия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 24 пайызға артып, өткен жылы 20 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия премьер-министрі арасындағы Джорджа Мелонимен кездесуінде айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Қазақстанның сауда әріптестерінің үштігіне енетінін атап өтті.

– Сіздің басшылығыңызбен Италия Үкіметінің Қазақстанмен арадағы тығыз қарым-қатынастарды сауда және инвестиция салаларында ғана емес, парламентаралық ықпалдастық бағытында дамытуға ұмтылысын жоғары бағалаймыз. Халықаралық аренада Қазақстан мен Италияның байланыстары сенімді әрі стратегиялық серіктес сипатында жалғаса береді деп сенемін, – деді мемлекет басшысы.

Соңғы жиырма жылда Италия Қазақстан экономикасына 7,6 миллиард долларға дейін инвестиция құйған. Қазақстанда ENI, SDF Group, PetroValves, Maire Tecnimont және Ballestra секілді ірі инвесторлар бастаған 270-ке жуық италиялық компания жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони 29 мамырда ресми сапармен келді.

Сондай-ақ оқыңыз