Қытай Украина мен Еуропаға дрон сатуды азайтып, Ресейге жеткізуді көбейткен

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Пекин Украинаға және Еуропа елдеріне дрон сатуды азайтып, бірақ Ресейге жеткізуді көбейтіп жатыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзіне сілтеме жасаған Bloomberg жазады.

«Қытайлық Mavic (жарылғыш заттарды тасуға бейімделген дрон түрі) ресейліктер үшін ашық, бірақ украиналықтарға жабық. Ресей аумағында өндірістік желілерде қытайлық өкілдер бар», – деген еді Зеленский журналистерге.

Еуропалық шенеуніктердің айтуынша, Украина президентінің сөзі Еуроодақ дерегіне сәйкес келеді. Қытай дрондардың кейбір бөлшектерін батыстық сатып алушыларға жеткізуді тоқтатқан, бірақ Ресейге тасымалдауды көбейтіп жатыр дейді Bloomberg дереккөздері.

Дрондар – Украина-Ресей соғысындағы маңызды әскери қаруға айналды. Ол тек барлау қызметі үшін ғана емес жарылғыш заттарды тасымалдауға да қолданылады. Жақында Украиналықтар Мәскеуге дрондармен шабуылдап, жүздеген рейсті жолынан қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыз