Қытайда қазақ ауыл шаруашылығы өнімдері жақсы өтеді

2025 жылғы бірінші тоқсанда Қазақстанның Қытайға тауар экспорты 42%-ға артты. Көрші елде қазақ ауыл шаруашылығы өнімдері жақсы өтіп жүр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлайды.
Мәлімет министр Арман Шаққалиев пен Қытай коммерция министрінің орынбасары Лин Цзимен кездесуінде айтылды. Бірінші тоқсанда Қытайға 302 млн доллардың қазақ тауары жөнілтілген.
Үш айда ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 430,5 млн доллар болған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 45%-ға артық. Былтыр Қазақстан Қытайға 1,054 млрд доллардың ауыл шаруашылығы тауарын экспорттаған.
Шаққалиев Қытай нарығында қазақ өнімдерін көбейту мақсатында сауда өкілдіктері мен сауда үйлерін құру және дамыту қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.
«Біз сауданың жаңа үлгілерін, әсіресе трансшекаралық электронды сауданы дамытуды қолдаймыз. 2024 жылы 450 млн долларға осындай сауда жасалды. Қазір Қытайдың бірқатар ірі маркетплейсінде Қазақстанның ұлттық павильондары ашылып, сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері осы платформалар арқылы сәтті саудаланып жатыр», – дейді қытай шенеунігі.
2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындау сауда айналымы 43,8 млрд долларға жеткен. Онда ел экспортының үлесі – 15,8 млрд доллар.