
Әлемнің екі ірі экономикасы – АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысында Латын Америкасы Бейжіңді таңдайды. Бұл туралы Bloomberg жазды.
Агенттік Латын Америкасында жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялады. Құрлықта Қытаймен тығыз экономикалық байланыс орнату туралы үндеулер көбірек айтылып жатыр. Әсіресе Құрама Штаттардың ең басты сауда әріптесі – Мексиканың өзі Бейжіңді таңдауға ынталы.
Мамыр айында сауалнама қатысқан мексикалықтардың үштен екісі елдің Азиядағы алыппен кәсіп жүргізген дұрыс деген. Себебі АҚШ президенті Дональд Трамп баж салығын көтеру арқылы әлем экономикасын әбігерге салып қойды.
Бразилияда респонденттердің жартысынан астамы Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатқан жөн деп есептейді. Аргентина, Чили, Колумбия және Перу Бейжіңді таңдаған.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік сауда ұйымы биыл сәуірдің ортасында Трамп тарифтерінен кейін әлем екі блокқа бөлінуі мүмкін екенін ескерткен. Ұйым басшысының пікірінше, Оның пікірінше, мұндай жағдайда әлемнің жалпы ішкі өнімі 7%-ға қысқаруы ғажап емес.