Ресей шетел азаматтарының елге кіруіне қатысты жаңа талап енгізбек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock.com

Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волктың хабарлауынша, 30 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, соның ішінде Қазақстан азаматтарынның Ресейге визасыз кіруіне қатысты жаңа талаптар күшіне енеді.

Жаңа тәртіп бойынша, Қазақстан азаматтары (оның ішінде кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғалардың заңды өкілдері) Ресейге баруды жоспарлаған күннен кемінде 72 сағат бұрын электронды өтініш толтыруы керек.

Егер адамның Ресейге шұғыл түрде баруын қажет ететін құжатпен расталса, онса (мысалы, шұғыл ем қажет болғанда, ауыр науқас туысты күту немесе жақын туыстың қайтыс болуы), онда өтінішті жоспарланған сапарға дейін 4 сағат ішінде де толтыруға болады.

Өтініш RuID мобильді қосымшасы арқылы толтырылады. Бұл қосымша – Ресейдің Мемлекеттік қызметтер порталының шетел азаматтарына арналған баламасы. Онда әр шетелдік азаматтың жеке цифрлық профилі жасалады.

Сонымен қатар, қосымшада Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өту туралы мәліметтер де электронды түрде көрсетіледі.

Бұған дейін бірқатар қазақстандықтың Ресейге кіруіне тыйым салынғаны белгілі болған .

Сондай-ақ оқыңыз