12 адам діни экстремизм үшін ұзақ мерзімге сотталды

Астана қаласында 12 қазақстандыққа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Оларға елімізде тыйым салынған діни-экстремистік ұйым құрды деген айып тағылған.
ҰҚК мәліметінше, тергеу барысында бұл адамдар діни алауыздықты қоздырып, экстремистік және террористік идеологияны таратқаны, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталған.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оларды 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
Белгілі болғандай, олардың көпшілігі бұған дейін де ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған: полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі саудасына қатысқан.
Тергеу барысында бұл топ радикалды көзқарастағы ұйым құрып, қоғамға қауіп төндіретін іс-әрекетпен жүйелі түрде айналысқаны дәлелденген.
Бұған дейін қыздарын Сирияға тұрмысқа бермек болып терроризмді насихаттаған келіншек 7 жылға сотталған.