«Тұмар» сыйлығына өтінім қабылданып жатыр
Жарияланды

«Тұмар» – 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтінімдер 2025 жылғы 9 маусымға дейін қабылданады.
Биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында эфирде көрсетілген жобалар қатыса алады. Байқау барысында:
- Ең үздік әлеуметтік тележоба
- Жылдың ең үздік репортажы
- Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
- Ең үздік журналистік зерттеу
- Жылдың ең үздік телехикаясы
- Ең үздік деректі фильм
- Ең үздік балалар тележобасы
- Ең үздік өңірлік телеарна
- Ең үздік тележурналист
- Ең үздік тележүргізуші
- Ең үздік спорттық комментатор анықталады.
«Тұмар сыйлығы» 2017 жылдан бері табысталып келеді.
Бұған дейін Freedom Ticketon Awards-2025 жүлдесінің жеңімпаздары анықталған.