
1 маусымнан бастап WhatsApp IPhone-нің кейбір модельдерінде жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл туралы 9to5mac.com порталында жазылған.
Нақты атап өтсек, IPhone-нің енді тек iOS 15.1 және одан жоғары нұсқаларда ғана жұмыс істейді. Мессенджері жұмыс істемейтін модельдер:
- iPhone 5s
- iPhone 6
- iPhone 6 Plus
Бұл тізімде iPhone 6s, iPhone 6s Plus, iPhone SE (1-буын) модельдері де бар. Егер олар iOS 15.8.4 жаңартуын орната алса, WhatsApp-ты қолдануды әзірге жалғастыра алады. Аталған өзгеріс Android-қа да қатысты. Android 5.0 және одан төмен нұсқаларда WhatsApp жұмыс істемейді.
Еске салайық, биыл Apple компаниясы өз операциялық жүйелерінің атауын жаңартуды жоспарлап отыр. Енді iOS 18, macOS 15 сияқты нұсқа нөмірлерінің орнына жүйелерді шыққан жылмен аталады.