Air Astana Алматы-Франкфурт рейсін іске қосты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Air Astana Үндістанға ұшатын рейстерді жандандырады
Air Astana рейсі/ Фото: shutterstock

Air Astana 1 маусымнан бастап Алматыдан Франкфуртке тікелей рейстерді іске қосты. Алғашқы ұшақ түнгі сағат 1:30-да ұшып шыққан.

Рейстер апта сайын үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Жол жүру уақыты – 8 сағат 25 минут. Ұшақ Франкфуртке жергілікті уақыт бойынша таңғы 6:55-те қонады.

Бір жаққа билет бағасы 171 400 теңгеден басталады. Жолаушылар 8 келіге дейінгі қол жүгін және 23 келіге дейінгі багажды ала алады.

Бұдан бөлек, немістің Lufthansa авиакомпаниясы ақпанның ортасынан бастап Алматы мен Астанадан Франкфуртке тікелей рейстерді қайта іске қосқан. Билет құны – 246 000 теңгеден басталады. Ұшақтар сейсенбі, сенбі және жексенбі күндері қатынайды.

Сонымен қатар, 27 мамырда Қазақстаннан Германияға тағы бір тікелей бағыт ашылды – SCAT авиакомпаниясы Шымкенттен Мюнхенге рейстерді бастады. Билет бағасы – 89 700 теңгеден басталады.

Сондай-ақ оқыңыз