Ақтауда тегін балмұздаққа талас болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Lada.kz сайтынан скриншот

Ақтауда Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара тәртіпсіздікке ұласты. Бұл туралы жергілікті Lada.kz сайты хабарлайды.

«Толқын-1» шағынауданында орналасқан балалар киім дүкенінің алдында жергілікті кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ, тәтті мақта және түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырған. Бірақ тегін балмұздақ пен тәттіге таласқандар көп болды Тіпті дүкеннің алдында жүздеген адамнан кезек тұрып, соңы кептеліспен аяқталды.

Нәтижесінде, адамдардың қалың тобында бірнеше бала жоғалып кеткен. Оқиға орнына тәртіп орнату және жағдайды анықтау үшін полиция қызметкерлері келді.

Қазірге дейін қала әкімдігі мен облыстық полиция департаменті тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Еске салайық, бүгін бірінші маусым Балаларды қорғау күні. Осы мерекеге орай елімізде дәстүрлі түрде түрлі мәдени және білім беру шаралары ұйымдастырылады. Мәселен, Алматы метросы балалар үшін тегін болады

Сондай-ақ оқыңыз