Биыл елдегі 2 млн-ға жуық балалы отбасы мемлекеттен көмек алды

2025 жылы балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 1,7 трлн теңге бөлінді. Жалпы еліміздегі 2 млн-ға жуық отбасыға мемлекеттік көмек берілді.
Оның ішінде республикалық бюджеттен 870,7 млрд теңге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 855,9 млрд теңге. 2025 жылы жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артқан.
Декреттегі аналарға көмек
Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 5,76 АЕК-тен (22 648 теңге) 8,90 АЕК-ке (34 995 теңге) дейін ұлғайта отырып, баланың туу кезегіне байланысты төленеді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жәрдемақы алушылар саны орта есеппен 123,3 мың адам, оларға 14,4 млрд теңге төленді.
Жұмыс істейтін әйелдер МӘСҚ-дан төлем алады. Жүктілік және босану бойынша біржолғы жәрдемақының орташа мөлшері 1,6 млн теңгені құрады. Бұл төлемді 81,8 мың әйелге берілген. 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы көлемі орта есеппен 85 221 теңге болды. Бұл сома соңғы екі жылдағы орташа айлық кірістің 40%-ын құрайды. Төлемнің орташа мөлшері – 85 221 теңге.
Көпбалалы аналарға арналған көмек
2020 жылдан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы қарастырылған. Төлем мөлшері балалар санына қарай есептеледі:
- 4 бала – 63 030 теңге,
- 5 бала – 78 798 теңге,
- 6 бала – 94 565 теңге,
- 7 бала – 110 332 теңге,
- 8 және одан да көп бала – әр балаға 15 728 (4 АЕК) теңгеден. Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға орта есеппен 176 млрд теңгеге 611,5 мың отбасы жәрдемақы алды.
Көп балалы аналардың беделін көтеру үшін өмір бойы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Бұрын «Батыр ана» атағын алған, І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, «Алтын алқа» алқа алған аналарға 29 097 теңгені, ал «Күміс алқа» алқамен марапатталған көп балалы аналарға 25 165 теңге беріледі.
Отбасының бір мүшесінің табысы кедейліктің белгіленген шегінен төмен отбасылар үшін мемлекет атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, оның шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем де жүзеге асырылады. Бұл төлемнің мөлшері 1,5 АЕК құрайды, бұл 2025 жылы әр бала үшін 5 898 теңгеге тең.