ПСЖ-ның жеңісінен кейін Парижде тәртіпсіздіктер басталды

Футболдан Чемпиондар лигасының финалында «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының Италияның «Интер» командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Бірақ жеңісті тойлаудың соңы Парижде жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Франциялық БАҚ мәліметінше, 1 маусым таңына дейін полиция 294 адамды ұстаған.
BFMTV телеарнасының хабарлауынша, ел астанасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 5400 полиция қызметкері мен жандарм жұмылдырылды. Ұсталғандардың басым бөлігі — пиротехника қолданған жанкүйерлер. Сонымен қатар Елисей алаңында 30 адамнан тұратын топ аяқ киім дүкенін тонап кеткен.
Гренобль қаласында тойлау кезінде қайғылы жағдай болды. Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, төрт адамнан тұратын отбасын қағып кеткен. Екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл – әдейі жасалған әрекет емес. Жүргізуші өз еркімен полицияға берілген және қазір қамауда отыр.
«Пари Сен-Жермен» және «Интер» клубтарының арасындағы ойын 31 мамырда Германияда өткен.
Мюнхен аренасындағы бұл тарихи жеңіс ПСЖ клубы үшін Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңіс болып тіркелді. 1993 жылы «Марсельден» кейін француз клубының турнирдегі екінші жеңісі.
Еске салайық, жақында Kursiv Media «Месси сияқты» атты Қазақстандағы балалар футболының қазіргі жай-күйі туралы деректі фильм шығарды. Туындыны толығырақ мына жерден көруге болады.