Қазақстанның кейбір өңірлерінде аптап ыстық пен қатты жел болуы мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

2025 жылғы 1–4 маусым аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін. Кейбір облыстарда өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады деп хабарлайды «Қазгидрометтен».

Батыс Қазақстан облысы +32…+37°C дейін ыстық. Құрғақ ауа райы өрт қаупін арттырады.
1 маусымда найзағай, бұршақ, екпінді жел (15–20 м/с) болуы мүмкін.

Атырау облысы +34…+39°C, жауын-шашынсыз. Оңтүстікте, батыста және солтүстікте — төтенше өрт қаупі. Атырау қаласында найзағай болуы мүмкін.

Маңғыстау облысында да қатты ыстық – +35…+40°C, әсіресе оңтүстікте. Облыс бойынша жоғары және төтенше өрт қаупі бар. 1 маусымда солтүстікте – найзағай, оңтүстікте және солтүстік-шығыста – аптап ыстық.

Ақтөбе облысында +30…+38°C, оңтүстікте және солтүстікте – жоғары, шығыста және батыста – төтенше өрт қаупі бар. 1 маусымда солтүстік-батыста жел 15–18 м/с, оңтүстікте және шығыста – +37°C дейін ыстық болады.

Қостанай облысы – +31…+36°C, солтүстік-батыста – жоғары, оңтүстікте – төтенше өрт қаупі.

Қызылорда облысы – +38…+43°C, төтенше өрт қаупі. 1 маусымда орталық пен солтүстікте – жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысы – +30…+38°C, оңтүстікте – төтенше, солтүстікте – жоғары өрт қаупі.
1 маусымда +35°C дейін ыстық болады.

Алматы облысында 1 маусымда орталық пен шығыста – 15–20 м/с дейін жел болады.
Орталықта – жоғары, батыс пен солтүстікте – төтенше өрт қаупі.

Жетісу облысы 1 маусымда орталық, шығыс және таулы аймақтарда – найзағай, жел 15–20 м/с. Оңтүстік-шығыста – төтенше өрт қаупі.

Жамбыл облысы 1 маусымда таулы аймақтарда – найзағай, жел 15–20 м/с.
Солтүстікте және оңтүстікте – жоғары, батыс пен шығыста – төтенше өрт қаупі.

Түркістан облысында 1 маусымда батыс пен оңтүстікте – жоғары, солтүстікте және тау бөктерінде – төтенше өрт қаупі.

Ақмола облысында 1 маусымда түнде – солтүстікте және шығыста, күндіз – облыс бойынша найзағай, бұршақ. Астана, Көкшетау: күндіз найзағай болуы мүмкін.

Павлодар облысында 1 маусымда батыс пен оңтүстікте – найзағай,
Орталықта – жоғары, шығыс пен оңтүстік-шығыста – төтенше өрт қаупі.

Солтүстік Қазақстан облысында 1 маусымда түнде – оңтүстікте, күндіз – батыс, оңтүстік және шығыста – найзағай, бұршақ.

Қарағанды облысында 1 маусымда түнде және күндіз – солтүстік пен шығыста найзағай, бұршақ, түнде және таңертең – тұман. Бүкіл облыс бойынша – жоғары өрт қаупі.

Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымда шығыста – найзағай, бұршақ, жел 15–18 м/с.

Абай облысында 1 маусымда батыс, солтүстік және орталықта – найзағай, бұршақ, жел 15–20 м/с. Орталық пен оңтүстік-батыста – жоғары, оңтүстікте – төтенше өрт қаупі.

Сондай-ақ оқыңыз