Шымкент орталығында экранға жазылған бейәдеп сөзге қатысты тергеу басталды

Жарияланды
Шымкентте орталық көшелердің біріндегі экранға жазылған бейәдеп сөзге қатысты тергеу басталды
Шымкентте орталық көшелердің біріндегі экранға жазылған бейәдеп сөзге қатысты тергеу басталды / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы бойында ілулі тұрған жарықдиодты экрандардың бірінен бейәдеп сөз жазылып, оны көрген тұрғындар фото, видеоға түсіріп әлеуметтік желіге таратты. Көп өтпей қала әкімдігі экрандағы сөздің өшірілгенін мәлімдеді.

Оқиға сенбі күні кешқұрым болды. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, әдепке жат жазба рұқсатсыз орталастырылған.

«Цифрлық тасымалдағыштың техникалық қауіпсіздігі мен мазмұнына жауапкершілік құрылғы иесіне жүктеледі. Экранды пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты аудандық әкімдік тарапынан иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылады», – делінген хабарламада.

Экран жұмысын үйлестірушілері қала тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұрады.
Әкімшілік бейәдеп сөздің жазылуына үшінші тараптың араласуы мүмкін деп күдіктенеді. Сондықтан бұған қатысты тексеру басталған. Тиісті материалдар құқық қорғау органдарына берілген.

Ал полиция оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастаған.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкенттегі «Қиял әлемі» саябағының сүрілгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз