Астанада жолаушылар автобусы бағанға соғылды – видео

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Астанада жолаушылар автобусы бағанға соғылды/фото: Instagram/astanovka98

Астанада жолаушылар автобусы бағанға соғылды. Полицияның хабарлауынша, жол апаты Республика даңғылы бойында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар мінген автобус жүргізушісі маршрут бойынша қозғалып келе жатып, маневр жасау кезінде көлік тізгініне ие бола алмай, бағанға соғылған.

«Жол апатынан зардап шеккендер бар. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады қалалық полиция.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Арасында стационарға жеткізілген азаматтар да бар.

«Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы кейінірек зардап шеккендер туралы ақпарат береді», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ оқыңыз