Алматыда Наурызбай батыр көшесі ішінара жабылады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Наурызбай батыр көшесі ішінара жабылады/фото: shutterstock

Алматыда Наурызбай батыр көшесіндегі учаскелердің бірінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұған Бостандық ауданында жылу желілері жөнделіп жатқаны себеп болған.

«3 маусымда сағат 23:00-ден бастап 4 маусым сағат 08:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданына қарасты Наурызбай көшесінің бойында Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін автокөліктердің қозғалысы жартылай шектеледі», – делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС таратқан ақпаратта.

Уақытша шектеулер көшедегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Сондай-ақ Алматы қаласында жылу желілерін жөндеуге байланысты бірнеше орталық көшеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ оқыңыз