Жаңалықтар

Екі рет тепкені үшін ұлым 15 жыл арқалап кетуі керек пе – сотталушының анасы

Равиль Сакиевтің анасы жарыссөзде сөйледі/фото: видеодан скриншот

Шерзат ісіндегі сотталушы Равиль Сакиевтің анасы Баян Сарманова ұлына жала жабылды деп санайды.

«…Тергеуші қандай дәлелге сүйеніп… Равиль Сакиевті сыбайлас деп, Ғайыпбаевты өлтіруге оқталды деп жала жабады.  Заң сонда адамға сенбейді. Біреу мойындап тұрса екінші адамды қоса алып кететін заң, бап бар ма? Шынасыл бірінші күні берген жауабында тұрды. Пышақ тек Абзал мен Шыңғыста ғана болған. Бәрінің қолында пышақ болса, бәрі жабылып ұрып жатса, марқұм Шерзаттың денесінде сау тамтығы қалмайтын шығар деп ойлаймын. Бұл орны толмас қайғы. Тағы да кешірім сұраймын.

Жалпақ тілмен айтқанда «баланың ажалы келді, бұл балалардың азабы келіп тұр». Менің балам екі рет тепкені үшін 15 жыл арқалап кетуі керек пе? Сонда «жаңа Қазақстан» қайда?», – дейді сотталушының анасы.

Сарманова соттан Равиль Сакиевті қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша іс-әрекетіне қарай жаза беруді сұрады. Сондай-ақ қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген айыпты алып тастауды сұрады.

02.06.2025ж. 2-бөлім. Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесі

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Равиль Сакиевті 20 жылға соттауды сұрады.