Адвокат марқұм Шерзат пен Нұрқанаттың үстінен қылмыстық іс қозғау қажет деп санайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат пен Нұрқанаттың үстінен қылмыстық іс қозғау қажет деп санайды/фото: kursiv.media

Шерзат ісіндегі сотталушы Дидар Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханова марқұм Шерзат Полат пен Нұрқанат Ғайыпбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғау қажет деп санайды. Бұл туралы қорғаушы жарыссөз барысында айтты.

«Жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишембиева, Жұмабике Қадырова сот отырысы барысында сот тергеуінде берген жауабына қарама-қайшы жауап берді. Олардың әр жауабы әртүрлі. Бір-біріне ұқсамайды. Әрбір сотталушымен өткен беттестіруде де сотталушыларға барынша айып тағуға тырысады. Сол себепті де жәбірленушілер қылмыстық кодексінің 420-бабында көзделген жауапқа тартылуға тиіс. Осы бойынша соттан жеке қаулы шығарып, құзырлы органға жолдауды сұраймын», – деді адвокат.

Ол сондай-ақ Қаржаубай Нұрымовтың дүкеннен үш рет пышақ алып шыққанын айтып өтті.

«Осыны ескеріп Шерзат Полатты, Нұрқанат Ғайыпбаевты, Қаржаубай Нұрымовты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінде (бұзақылық) көрсетілген қылмыс құрамының болуына байланысты жоғарыда аты аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы жеке қаулы шығаруды сұраймын», – деді адвокат Баймұханова.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дидар Қалиахметті қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз